Тәжікстан электронды темекіге тыйым салады

Фото: Ховар

АСТАНА. KAZINFORM — Тәжікстан электронды темекіні пайдалануға, өндіруге және таратуға тыйым салады, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі. 

— Тәжікстан Республикасы Маджлиси милли төртінші сессиясында Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы құрметті Рустам Эмомали ұлттың гендік қорын қорғау және электрондық темекіні (вейп) пайдаланудың халықтың, әсіресе жастар мен жасөспірімдердің денсаулығына теріс әсерін болдырмау мақсатында Маджлиси миллидің тиісті комитеттеріне ұлттық заңнамада электрондық темекіні пайдалануға, өндіруге және айналымына заңнамалық тыйым салу бойынша нақты тапсырмалар берді, — деп хабарлады ТР Парламенті жоғарғы палатасының спикері өзінің Telegram арнасында.

Медицина мамандарының қорытындысына сәйкес, электронды темекіні шамадан тыс пайдалану тыныс алу, жүрек-қан тамырлары және өкпе ауруларының, соның ішінде қатерлі ісіктің ауыр түрлеріне әкелетіні атап өтілді.

Бұған дейін Мексика вейп пен электронды темекіге тыйым салғанын жазған болатынбыз

Сондай-ақ өткен айда ШҚО-да Telegram-арналар арқылы сатылмақ болған 1 500-ден астам вейп тәркіленгенін жаздық