Тәжікстан мен Иран арасында визасыз режим толық күшіне енді

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы 5 қазаннан бастап Тәжікстан Республикасы Үкіметі мен Иран Ислам Республикасы Үкіметі арасында жалпыазаматтық шетелдік паспорт иелеріне виза беруді жою туралы өзара түсіністік туралы меморандумның ережелері толық күшіне енді, деп жазады Ховар .

Фото: Ховар

Бұл туралы Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Меморандум талаптарына сәйкес, Тәжікстан мен Иран азаматтары жарамды жалпыазаматтық шетелдік паспорттары болса, екінші елдің аумағына визасыз кіріп, оның аумағы арқылы өтіп немесе уақытша бола алады. Визасыз болу мерзімі 90 күн ішінде 30 күннен аспауға тиіс.

Визасыз режим халықаралық шекара бекеттері арқылы, соның ішінде құрлықтағы өткізу пункттері, халықаралық әуежайлар және үшінші елдерден қатынайтын әуе бағыттары арқылы жүзеге асырылады.

Министрліктің мәліметінше, бұл ретте екі елдің де ұлттық заңнамасының талаптары сақталуы керек.

Бұған дейін Тәжікстан тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай әскери шеру өткізгенін жазған болатынбыз.