АДБ атап өткендей, Тәжікстанның энергетикалық жүйесін қайта қосу Тәжікстанның солтүстігіндегі Соғды қосалқы стансасы мен Өзбекстандағы «Жаңа Сырдария» қосалқы стансасы арасында 22 шақырымдық 500 киловольттық жаңа электр беру желісін салуға мүмкіндік береді.
Бұл Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан кіретін Орталық Азия елдері арасындағы электр энергиясының экспорты мен импорты үшін қуатты арттырады, сондай-ақ желідегі үзілістердің алдын алу үшін инфрақұрылымды нығайтады. Жоба сондай-ақ Тәжікстанның энергетикалық жүйесінің аймақтағы жаңартылатын энергияны біркелкі интеграциялау үшін қуат пен жиілікті бақылау қызметтерін ұсынуға дайын болуын қамтамасыз етуге бағытталған. Ұзақ мерзімді перспективада ол Тәжікстандағы Рогун су электр станциясынан электр энергиясын тасымалдау кестесінің негізгі құрамдас бөлігі болады.
АДБ Орталық Азия бойынша Бас директоры Евгений Жуковтың айтуынша, банк Орталық Азияның аймақтық экономикалық ынтымақтастығы (ОААЭЫ) бағдарламасы арқылы Орталық Азия елдері мен одан тыс елдер арасындағы аймақтық энергетикалық сауданы белсенді түрде алға жылжытуда.
Еске сала кетсек, Орталық Азияның біртұтас энергетикалық сақинасы жаңа модель ретінде 1997 жылы түпкілікті қалыптасты. Оның құрамына Қазақстан (оңтүстік бөлігі), Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кірді. Бес елдің энергетикалық нысандарының өзара тәуелділік жүйесі ол кезде 83 электр станциясын құраған.