Эмомали Рахмон қатысушыларды қарсы ала отырып, қазіргі жаһандық процестер ШЫҰ-ның сындарлы диалог пен өзара тиімді ынтымақтастық алаңы ретіндегі өзектілігін растайтынын атап өтті.
– Біз Ұйымның бейбітшілік пен тұрақтылықты, дамуды және оның жұмыс істеу аймағындағы сенім атмосферасын қамтамасыз етудегі рөлін одан әрі нығайтуға мүдделіміз, - деді Тәжікстан Президенті.
Ол Душанбе қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуді және БҰҰ-ның орталық үйлестіруші рөлін күшейтуді жақтайтынын еске салды. Осыған байланысты Рахмон БҰҰ Бас Ассамблеясы қолдаған Тәжікстанның 2027-2036 жылдарға арналған болашақ ұрпақ үшін бейбітшілікті нығайтудың халықаралық онжылдығын жариялау туралы бастамасын атап өтті.
Эмомали Рахмонның өзара сауда мен инвестицияны кеңейту, көлік байланысын дамыту, өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік ынтымақтастық, цифрлық экономика және жасыл технологиялар, энергетика және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту мәселелеріне тоқталды.
Кездесуде қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тәжікстан Президенті терроризм, экстремизм, радикализм, киберқауіптер, есірткі тасымалы және трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы бірлескен күресті күшейту туралы айтты. Осыған байланысты ол Душанбеде ШЫҰ-ның Есірткіге қарсы орталығын құрудың маңызын атап өтті.
Рахмонның айтуынша, Тәжікстан инновациялық технологиялар, жасанды интеллект және осы салаларда жоғары білікті мамандарды даярлау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі.
Тараптар сондай-ақ мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл, климаттың өзгеруіне бейімделу, қоршаған ортаны қорғау, мұздықтарды сақтау және су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелерін талқылады.
Тәжікстан мен Қытай Памир арқылы цифрлық дәлізді іске қосқанын жазған едік.