Оның айтуынша, түзеу колонияларымен қатар қоныс колониялары да бар. Онда сотталғандар тіркеліп, бақылаудан өту үшін барады.
— Бірақ бұл адамдардың қоныс-колонияларына келу мен тіркеуді тоқтатуына әкелді. Содан кейін біз пробация жүйесін енгіздік, нәтижесінде екі жүйе бір-бірін қайталай бастады. Кадр тапшылығы да болды. Енді бұл қоныс-колониялары жабылып, барлығы пробация жүйесіне ауыстырылады, — дейді ол.
Шенеуніктің айтуынша, алдымен бес қоныс-колониясы жабылады, кейін тағы бесеуі.
Тиісті жарлыққа Қырғызстан президенті С. Жапаров қол қойған.
Еске сала кетейік, Қырғызстанда лицензиясыз таксистерге айыппұл салу басталады.