Бағдарлама президент Эмомали Рахмонның төрағалығымен өткен үкімет отырысында таныстырылды.
— Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 11 800 га жаңа жерді игеру және ауыл шаруашылығы айналымынан алынған 16 750 га жерді қайтару мүмкіндіктері пайда болады, — деді Тәжікстан Республикасының Мелиорация және ирригация агенттігінің директоры Зафарбек Давлатзода.
Ол құжат Тәжікстан Республикасының 2030 жылға дейінгі ұлттық даму стратегиясының және Тәжікстан Республикасының 2040 жылға дейінгі ұлттық су стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу үшін әзірленгенін атап өтті.
Эмомали Рахмон жаңа Мемлекеттік бағдарлама мен оны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітуге тапсырма берді.