Бұл туралы Тәжікстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Хоким Холикзода «Тәжікстан және тәуелсіздіктің 35 жылы: бейбітшілікті сақтау тәжірибесі, көпвекторлы саясат және тұрақты даму» атты халықаралық конференцияда мәлімдеді.
Вице-премьердің атап өтуінше, Тәжікстан тәуелсіздікті қалыптастыру жолынан өтіп, тұрақты және прогрессивті мемлекетке айналды. Ел осы кезеңде айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық даму жолынан өтті.
— Елдің жалпы ішкі өнімі 1991 жылғы 13,4 млн сомониден 2025 жылы 176,9 млрд сомониге дейін өсті. Осы кезеңде жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 2,5 сомониден 14 700 сомониге дейін өсті. Осы кезеңде ұлттық экономика жылына орта есеппен 7,6 пайызға өсті, — деп хабарлады спикер.
Ол кедейшілікті қысқарту елдің тәуелсіздік алғаннан бері негізгі әлеуметтік жетістіктерінің бірі болғанын атап өтті.
— Бұл көрсеткіш 1990 жылдардағы 83 пайыздан 2025 жылы 19 пайызға дейін төмендеді, — деді Хоким Холикзода.
Осыған дейін Тәжікстанда 30 мың көрерменге арналған Ұлттық стадион ашылғанын хабарладық.