Құжатқа сәйкес, жаңа ведомствоның орталық аппараты 38 қызметкерден тұрады. Оның ішінде 8 әскери қызметкер қарастырылған.
Комитет құрылымында төрағаның екі орынбасары қызметі енгізіледі. Сондай-ақ 7 адамнан тұратын алқа құрылады.
Үкіметке жаңа құрылымның жұмысын жолға қою тапсырылды. Тәжікстанның Инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеті мекемеге әкімшілік ғимарат бөлуі тиіс.
Ал Тәжікстанның Қаржы министрлігі республикалық бюджеттен қаржы қарастыруға міндеттелді.
Бұған дейін қорғаныс өнеркәсібіне қатысты мәселелер Тәжікстанның Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрлігінің құзырында болған.
Енді бұл өкілеттіктер министрлік құрылымынан шығарылады. Сонымен қатар салалық қаулыдан қорғаныс өнеркәсібіне қатысты барлық нормалар алынып тасталады.
Осыған дейін Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы АӨК саласындағы тауар айналымы 595 млн долларға жеткені туралы жаздық.