Заманауи кешеннің іргетасын қалау рәсіміне Тәжікстан Республикасы Жоғарғы Мәжілісі Ұлттық кеңесінің төрағасы, Душанбе қаласының мэрі Рустам Эмомали қатысты.
IT Hub Dushanbe құрамына IT-мектеп, IT Park, ақпараттық технологиялар бизнес-орталығы және жасанды интеллектінің өңірлік орталығы кіреді.
— Жоба цифрлық экономиканы дамытуға, заманауи технологияларды кеңінен енгізуге, ақпараттық қоғам қалыптастыруға және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар ол елде жаңа инновациялық әрі цифрлық ортаның қалыптасуына берік негіз қалайды, — деп хабарлады Душанбе мэриясының Telegram-арнасы.
Тәжікстанның Инновациялар және цифрлық технологиялар агенттігінің директоры Хуршед Мирзоның айтуынша, кешеннің жалпы аумағы 53 мың шаршы метрден асады.
Жобаны жүзеге асыруға 100 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылмақ.
Бұған дейін Тәжікстанда Қорғаныс өнеркәсібі комитеті құрылатыны туралы жаздық.