Іс-шараға Тәжікстан Республикасының Туризмді дамыту комитеті басшылығы, туристік компания, қонақүй, мейрамхана, әуе компанияларының өкілдері, сондай-ақ кәдесый өнімдерін өндірушілер қатысты.
Тәжікстанның Ұлттық туризм қауымдастығының құрылтайшылары ретінде 11 компания анықталды. Сонымен қатар, елдің туристік нарығындағы басқа да қатысушыларды жаңа ұйымның құрамына қабылдау туралы шешім қабылданды.
Қауымдастықтың сайланған басшысы Умед Саидов мұндай құрылымның құрылуы туристік саланың әлеуетін біріктіру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.
Қауымдастықтың қызметі мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, сала кәсіпкерлерінің мүдделерін қорғауға, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және Тәжікстанның туристік әлеуетін халықаралық деңгейде ілгерілетуге бағытталады.
Бұған дейін 2025 жылы Тәжікстанға 1,7 миллионнан астам турист келгені хабарланған болатын. Олардың ішінде 37 мыңға жуығы – қазақстандықтар. Туристер ағыны өткен жылмен салыстырғанда 27,5 пайызға артқан.
Айта кетелік Тәжікстанда құны 100 млн доллар болатын ірі IT Hub құрылысы басталды.