Тәжікстан статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, алғашқы тоғыз айда елге 1,73 миллион шетелдік азамат келген. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 206 800 адамға немесе 13,6%-ға көп. Дүниежүзілік туристік ұйымның әдіснамасына сәйкес, 1,73 млнның 1,55 миллионы турист ретінде есептеледі, бұл 23%-ға өсімді білдіреді.
ТМД елдерінің ішінде Қазақстан туристер саны бойынша төртінші орында тұр. Қазақстандықтан Тәжікстанға қыдырған барлық шетелдіктің 2,1%-ын құрап отыр. Ең көп турист Өзбекстаннан келген — 842 500 (48,8%). Ресейден 513 100 (29,7%) және Қырғызстаннан 150 400 (8,8%) адам Тәжікстанға саяхаттапты. ТМД елдері туристердің 90,1%-ын беріп отыр.
Достастықтан тыс елдердің ішінде ең көп қонақ Қытай (49 600), Ауғанстан (19 700), АҚШ (12 800), Германия (8 400) және Иран (8 300) елдерінен келген.
Тәжікстанда 192 туристік агенттік және 225 қонақ үй жұмыс істейді. Соның 9-ы бес жұлдызды, 31-і төрт жұлдызды. Сонымен қатар, 53 хостел мен мотель, 60 санаторий, 9 демалыс үйі және 5 туристік орталық қонақтарды қабылдады. Салада 4560 адам жұмыс істейді, саланың жалпы кірісі 976,3 миллион сомониге жетті.
Еске сала кетейік, өткен айдың аяғында Қазақстан — Тәжікстан Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 20-шы отырысында басқа салалар қатарында туризмді де дамыту болашағы талқыланған.