Румынияда шетелден келгендерден алапес ауруы анықталды

Фото: Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы области

АСТАНА. KAZINFORM — Тексеруге келген 4 адамның біреуінен алапес ауруы анықталды, тағы үш шетелдік клиникалық-микробиологиялық тексеруден өтіп жатыр, деп хабарлайды ТАСС.

Сырқат туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлаған.

Алапес дертіне шалдығуы мүмкін деген тағы үш науқас клиникалық және микробиологиялық тексеруден өтіп жатыр. Төртеуі де Клуж-Напокадағы СПА-да массажист болып жұмыс істейді. Қалалық ауруханаға келген алғашқы екі науқас 21 және 25 жаста. Олар Индонезиядан келген.

Эпидемиологиялық тексеру аяқталғанша СПА жабылды. Барлық аумақ дезинфекцияланды, қызметкерлерді тексеруден өткізу басталды.

Румынияда алапес ауруы соңғы рет 1981 жылы анықталған. Елде Еуропадағы ең соңғы алапес колониясы бар, ол Тулча округінде орналасқан. 2018 жылы мұнда небәрі 10 науқас болған.

Еске салайық, Қазақстанда алапес дерті жойылып келеді. Былтырғы есеп бойынша 10 жылда 3 науқас тіркелген.