Тазы Қазақстан аумағында жеті мың жылдан астам уақыт бұрын пайда болған деген болжам бар. ОБұл жануарды қазақ жеті қазынаның біріне балаған, асыл тұқымды иттің құны елу жылқы немесе бір-екі түйеден асады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ иттері мен тазы тұқымдарын сақтау және көбейту туралы» заңға қол қойды. Қазір қазақстандық кинологтар жақсы тұқымды иттердің ДНҚ-сын жинайтын генетикалық база құру туралы ойласып жатыр.
Табиғаттың осынау ғажайып туындысын ұрпақтарымыз үшін сақтап қалуға міндеттіміз.
Бүгін ҚР Президенті Телерадиокешенінің «Тазы. Бабалар қазынасы» фильмін төмендегі телеарналардан тамашалауға болады:
«Almaty TV» - 13:00;
«Жібек жолы» - 14:35;
«Хабар 24» - 16:30;
«Мир ТВ» - 17:00;
«Turkistan TV» - 17:20;
«КТК» - 18:10;
«Jetisu TV» - 18:35-те;
«Ел арна» - 21:50-де.