Ауыр атлетика спортына қазақстандық жанкүйерлер үлкен қызығушылықпен қарайтыны анық. Тибилисиде өтіп жатқан Еуропа құрлығының жарысында қайсы елдің спортшысы қандай жетістік көрсетіп жатқанына біздің ауыр атлетшілер де назар аударатыны анық. Өйткені әлем чемпионатында және Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшыларына еуропалықтардан кімдер қарсылас болатынын байқауға болады.
«Еуроспорт» телеарнасы осы күндері Тбилиси қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Еуропа чемпионатын тікелей эфирде көрсетуде. Жарыс кестесіне сәйкес бүгін, 17 сәуір күні, Астана уақытымен 19-00-де 75 келіге дейінгі салмақтағы әйелдер сынға түседі. Ал 22-00-де 94 келіге дейінгі салмақтағы ерлер арасындағы тарысты бәсекені тамашалауға болады.
Ертең жарыстың соңғы күні. Астана уақыты бойынша 13-00-де 105 келіге дейінгі ерлер арасындағы бәсеке басталады. 16-00-де басталатын жарыста 75 келіден жоғары салмақтағы әйелдер арасында Еуропа жеңімпазы анықталмақ. Ал 19-00-де аса ауыр (105 келіден жоғары) салмақтағы ерлер өзара сынға түсіп, 2015 жылғы құрлық жеңімпазы атану үшін бар күштерін салатын болады.