Тбилиси мен Сочи арасындағы әуе рейсі қайта жанданды

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Ресей Грузияның Тбилиси мен Сочи арасындағы әуе рейстерін қайта жандандыруға рұқсат берді.

Ұшақтар аптасына екі рет қатынайтын болады - ақпанның төртінен бастап сейсенбі және бейсенбі күндері.

Airzena Georgian Airlines әуе компаниясы жетекшілерінің мәлімдеуінше, рейстер мамыр айына дейін жүзеге асырылады.

Грузия мен Ресей арасындағы жүйелі әуе рейстері 2008 жылдың тамыз айында тоқтатылған болатын, деп хабарлады «Новости».