«Рустави-2» телекомпаниясының мәліметтеріне қарағанда, ескерткішті ашу Кеңес Одағы күйреуінің 20 жылдығына арналып отыр. Ескерткіш тұғырына Рональд Рейганның «Бостандық - бұл барлық ұрпаққа қамқорлық» деген деген сөздері жазымақшы. Қола мүсінде Рейган тұтастай бойымен бейнеленеді. Жексенбі күні ол саябаққа әкелінді, оны орнату жұмыстары жүргізілуде. Ескерткіш авторы - грузиндік мүсінші Автандил Монаселидзе өзінің осы шығармасымен үш жыл бойы айналысқан.
Жұмыс авторының айтуынша, «Рейган Кеңес Одағының күйреуіне қатысып, адамзат тарихына зор үлес қосты».
Рональд Рейган 1981-1989 жылдары АҚШ президенті болды.