Тбилисиде күшті зілзала болды
09:00, 08 Қыркүйек 2009
АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Грузияның астанасы Тбилисиде магнитудасы 6,3 балдық күшті зілзала болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресейдің «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.
Жер сілкінісінің кіндігі Грузия астанасының солтүстік-батысында болған. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы әзірге хабар жоқ.