Тбилисиде «Миша кетеді» деген ұранмен шеру өтуде

АСТАНА. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Грузия Қоғамдық телеарнасынан Азаттық алаңына дейін бет алған үкіметке қарсы шеруге екі мыңға жуық адам қатысты.

Акцияны «Грузияның жалпыхалықтық жиналысы» (ГЖЖ) оппозициялық қоғамдық форумы ұйымдастырды, деп хабарлайды ВЕСТИ.ru.

Манифестация қатысушылары қолдарына «Миша кетеді», «Біз еркін сайлау үшін» деген үнпарақтар ұстап алған.

ГЖЖ атқару комитетінің мүшесі Нино Бурджанадзенің айтуынша, форум «артқа шегінбейді және Михаил Саакашвилиді тақтан кетіріп, мерзімінен бұрын президент және парламент сайлауын белгілеу үшін бейбіт күресті жалғастыратын болады».