АСТАНА. KAZINFORM — Дзюдодан Қазақстан құрамасы Грузия астанасы Тбилисиде 22-24 наурызда өтетін әлемдік Grand Slam жарысына қатысады.
Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, әлемдік додаға 83 елден 500-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған.
Қазақстан құрамасының бапкерлері мына дзюдошыларға үміт артып отыр.
Ерлер:
-60 кг: Нұрқанат Серікбаев, Дәурен Сүйеукенов,
-66 кг: Есет Қуанов, Сұңғат Жұбатқан,
-73 кг: Бақытжан Абдурахманов,
-81 кг: Мәди Амангелді,
-100 кг: Ислам Бозбаев,
100 кг: Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай.
Әйелдер:
-48 кг: Ғалия Тынбаева,
-52 кг: Балнұр Әбдешова,
-57 кг: Бақыт Құсақбаева,
-63 кг: Кристина Сотникова,
-70 кг: Екатерина Токарева,
-78 кг: Маргарита Гриценко, Аруна Жангелдина,
78 кг: Камила Берліқаш, Карина Такиева.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).