«Зардап шеккендер түрлі дене жарақатын алды. Оның ішінде бет, бас және дене бөліктерінің жарақаттары бар. Кейбіреулеріне улану және тыныс алу жолдарының асқынуы диагнозы қойылды», - делінген ведомство хабарламасында.
Зардап шеккендердің бірі ауруханадан шықты. Жеті адам дәрігерлердің бақылауына алынды.
Қазіргі кезде 20 жедел жәрдем бригадасы кезекшілік етуде. Ондаған шерушіге, сондай-ақ ІІМ-нің бір қызметкеріне оқиға орнында көмек көрсетілді.
1 мамыр күні кешке Грузия парламенті алдына мыңдаған адам жиналып, заңның кері қайтарылуын талап етті. Арнайы жасақ ғимарат кіреберісінде демонстранттарға қарсы көзден жас ағызатын газ бен су атқыш құрылғылар қолданған. Сондай-ақ резеңке оқтар қолданғаны туралы хабарланды.
БАҚ бұдан зардап шеккендер түсірілген кадрларды көрсеткенімен, Грузияның ІІМ оларды қолданғанын жоққа шығарды.