Бұл жөнінде Грузия ІІМ ақпараттық-сараптамалық департаментінің басшысы Шота Утиашвили мәлімдеді, деп хабарлады Грузия жаңалықтары агенттігі.
«Олардың көпшілігіне екі айға дейін әкімшілік қамауға алу жазасы берілді, кейбір жекелеген жағдайлар бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Утиашвили. Оның айтуынша, ұсталғандардың арасында әзірге акция ұйымдастырушылары жоқ.
Утиашвилидің хабарлауынша, ІІМ-де кейбір акция ұйымдастырушылары бейбіт жолмен басталған шараны азаматтық қақтығысқа айналдырып жіберуді көздегені жөнінде дәлелдемелер бар. Мұндай дәлелдемелердің біразын ІІМ жариялаған болатын, олардың ішінде парламенттің бұрынғы спикері Нино Бурджанадзенің ұлымен телефон арқылы сөйлескен сөздерінің жазбасы бар.