деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Тбилисиде және магнитудасы 3 балл болды. Жерасты дүмпуі қатты болған жоқ, сондықтан оны тек Тбилисидегілер ғана сезді. Келіп түскен ақпараттар бойынша, зақымдаулар мен зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады Сейсмикалық мониторинг орталығынан.
Қыркүйек айының басында Грузияның солтүстік-батысында 8 балдық зілзала тіркелген еді. Қыркүйектің 8-іне қараған түні Рача-Лечхуми және Земо-Сванети аудандарында болған ол жер сілкінісінің әсері Тбилисиге дейін, сондай-ақ көрші Оңтүстік Осетияға, Арменияға және ресейлік Солтүстік Кавказға жеткен еді. Кісі құрбандықтары болған жоқ, бірақ 1 мыңнан астам отбасының баспаналары зардап шекті. 418 отбасының баспанасы тұруға жарамсыз болып қалды. Содан бері аймақта кішігірім жерасты дүмпулері әлі жалғасып келеді.