Форумды ұйымдастырушылардың хабарлауынша, онда аймақтық және халықаралық қауіпсіздік, заманауи халықаралық тәртіп проблемаларының шағын елдерге әсері және тағы басқа бірқатар өзекті мәселелері талқыланбақ.
Форумға Грузия үкіметі мен парламентінің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ 300-ге жуық шетелдік қонақтар қатысады.
Ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, қатысушылардың арасында НАТО-ның Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдері бойынша арнайы өкілі Джеймс Аппатурай және ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Ламберто Занньер болады.
16:15, 02 Мамыр 2016
Тбилисидегі Грузия қауіпсіздігіне арналған конференцияға ЕҚЫҰ Бас хатшысы қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузияның қорғаныс және қауіпсіздік мәселелеріне арналған жыл сайынғы халықаралық конференциясы биыл Тбилиси қаласында мамырдың 24-25-і күндері өтеді, деп хабарлады ТАСС.