Бірнеше сағат толастамаған нөсер жауын қаланың бірнеше аудандарын су басуға әкеп соқты. Аулаларды, бірінші қабаттарды, жерасты өткелдерін, жүздеген үйлердің жер төлелерін су басты.
Грузия ІІМ басшысы Вахтанг Гомелаури Цхенети-Бетани жолында Тбилиси қаласының маңында көшкін жүргенін хабарлады.
Сондай-ақ су басу салдарынан хайуанаттар бағы аумағынан бірнеше жабайы жануарлар, соныі ішінде арыстандар мен жолбарыстар қашып кеткен.