Trend-тің хабарлауынша, бұған борттағы жолаушылардың бірінің денсаулығының күрт нашарлауы себеп болған.
Өтінім бойынша әуежайдың дағдарыс орталығы жұмылдырылып, жерүсті қызметтері жедел үйлестіріліп, барлық қажетті қауіпсіздік шарасы қабылданды. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 00:25-те сәтті қонды.
Жолаушыға дереу медициналық көмек көрсетілді. Ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, одан әрі тексеру үшін қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді.
Атап өтілгендей, «Air Astana» әуе компаниясының шешімімен рейстің межелі жерге аттандырылуы кейінге шегерілді. Қалған жолаушылар қонақүйге орналастырылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Гондураста шағын ұшақ апатқа ұшырағанын хабарлаған едік.