Жауған бұршақтың ірі болғаны соншалық, ол үйлердің шатырларын, терезе әйнектерін, көліктерді, бақша дақылдарын, көкөністерді едәуір бүлдірді.
Өткен түні төтенше жағдайлар қызметіне 100-ден астам қоңырау шалынды. Негізінен Тбилисидегі апатты үйлері бар аудандардан хабарласты. Бұл ретте өрт сөндірушілерге су басып кеткен жертөлелерден түні бойы су сорғызуға тура келді.