Өнер әдебиеті бөлімінде «Сүйікті актерлер» атты экспозицияда жас оқырмандарға өткен ғасырдың атақты адамдарының фотопортреттерін көруге, ал аға буынға Кеңестік киноактерлер мен актрисаларды еске алуға мүмкіндік берілді.
Барлық ашықхаттар бір коллекциядан. Ол Людмила Новикке тиесілі. Кино өнерінің өркендеуі кезінде оның отбасы әртістер бейнеленген карталарды сатып алып, оларды альбомға мұқият жинаған. Мұнда көрермендер Любовь Орлова, Алла Ларионова, Василий Лановой, Надежда Румянцева, Юрий Никулин, Тамара Макарова, Юрий Белов, Сергей Бондарчук, Владимир Андреев, Элина Быстрицкая, Аркадий Райкин, Ия Саввина, Кирилл Лавров және басқа да кино мен театрдың жұлдыздарын көре алады.
Айта кету керек, КСРО-да театр мен кино актерлерінің портреттері, драмалық қойылымдар мен кинофильмдерден алынған көріністер өте танымал болды. Өткен ғасырдың 60-80-ші жылдары олар үлкен тиражбен шыққан. Картаның артқы жағында актер ойнаған фильмдердің атаулары көрсетілген. Мұндай ашықхаттың құны 5-8 тиын аралығында болатын.