Оның атап өтуінше, министрлікке қарасты өнер саласына жауапты департамент бар. Дәл осы ведомство жанынан арнайы кеңес құрылатын болады. Ол еліміздегі барлық театрлардың репертуарларын үйлестіреді.
«Біз осы күннен бастап 1 жылға қойылатын репертуарды көркемдік кеңесте бекітуіміз керек. Яғни, әрбір өңірлік театрдың репертуарын біз көркемдік кеңесте бекітуге тиіспіз. Бұл не үшін керек? Жасыратын ештеңесе жоқ, әсіресе, өңірлік театрларда, республикалық театрларда да кім басшы болып отырса, соның пьесасы қойылады»,- деді министр.
Оның атап өтуінше, дәл осы жайт қоғамда наразылық туындатып, келеңсіз жайттардың орын алуына түрткі болады. «Сол үшін біз бүкіл репертуарлық саясатты бір жүйеге келтіруге тиіспіз», - деді А.Мұхамедиұлы.