«Біз АҚШ-тың қатысуына қарсымыз (Астанадағы келіссөздерге)», - деп мәлімдеді Зариф агенттікке. «Біз АҚШ-ты шақырған жоқпыз, олардың қатысуына қарсымыз», - деп қосты СІМ басшысы.
Бұған дейін Ресей президенті Путин түрік көшбасшысы Тайып Ердоғанмен Сирияда қақтығысушы тараптарға Астанада жаңа алаңда бейбіт келіссөз үдерісін жалғастыруды ұсыну жайлы уағдаласқанын хабарлаған . Оның айтуынша, бұл Женева келіссөздерін толықтырады.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Путин және Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесу барысында бұл бастаманы қолдап, Қазақстан елордасында мұндай келіссөздер жүргізу үшін қажетті жағдай жасауға дайын екенін мәлімдеді .