Иран АҚШ әскери қысымды тоқтатып, елдің теңіз айлақтарын қоршауға алуды доғарса, Ормуз бұғазын жеті күн ішінде ашуға дайын. Бұл туралы сейсенбіде Иранның жоғары лауазымды шенеунігі Reuters агенттігіне мәлімдеді.
Тегеран Ормуз бұғазын ашуға дайын екенін мәлімдеп, АҚШ-қа шарт қойды
АСТАНА. KAZINFORM — Тегеран БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Вашингтонмен арадағы текетіресті бәсеңдетудің бір жолын ұсынды. Бұл туралы Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі хабарлайды.
Оның айтуынша, Нью-Йоркке келген Иран делегациясына Вашингтонмен дипломатиялық байланысты қайта жандандыру үшін қажетті өкілеттік берілген.
Тегеранның бұл ұсынысы 16 қыркүйекте делдалдар арқылы АҚШ тарабына жеткізілген. Әскери қимылдарды тоқтату шарттары да осы жолмен талқылануы мүмкін.
Бұл дипломатиялық мәлімдемелер әскери қимылдардың қайта басталуы мүмкін деген ескертулер айтылған тұста жасалды.
Жексенбіде Иранның Орталық әскери қолбасшылығы АҚШ-тың аймақтағы бірқатар елдің қолдауымен жаңа әскери операция бастауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат алғанын мәлімдеді. Тегеран мұндай жағдай орын алса, жауап шаралары еш шектеусіз жүргізілетінін ескертті.
Сонымен қатар Иранның ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығуға дайындалып жатқаны хабарланған болатын.
Ақзат Жиеналина