Салтанатты шараға Дағыстан мемлекеттік университетінің ректоры Мұртазали Рабаданов бастаған делегация, ақынның қызы Салихат Ғамзатова, Дағыстан университетінің, Ресейдің Ирандағы елшілігінің өкілдері және жергілікті ғалымдар қатысты.
Бюст орнатуға Дағыстан мемлекеттік университеті бастамашы болды. Ол дағыстандық мүсінші Шамиль Канайгаджиевтің қолынан шықты.
Университет ректоры Сейед Махмуд-Резаның айтуынша, университетке бюст орнату — Ресей мен Ислам Республикасы арасындағы мәдениетке, поэзияға деген қызығушылықтың, мәдени байланыстың орнығуы.
Қыркүйектің соңында Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде өткен Расул Ғамзатовтың 100 жылдығына арналған салтанатты шарада сөз сөйледі. Ол кеңестік және орыс ақынының өлеңдерін «өмір оқулығы» деп атады.