Тегеранда әлемде көлемі бойынша үшінші орын алатын кілем көпшілік назарына ұсынылды

АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат - Тегерандағы көрме орталығында  әлемде көлемі бойынша үшінші орынды алатын алып кілем көпшілік назарына ұсынылды,

деп хабарлайды ИСНА агенттігі.

 Иран ұлттық кілем орталығы басшысының орынбасары Моджтаба Фейзоллахи таныстырылым барысында көлемі бойынша әлемде үшінші орынды алатын кілемнен 3,2 млн. АҚШ доллары сомасында табыс түскенін мәлім етті. Бұл кілемнің аумағы 2,4 мың шаршы метрді құрайды. Оның тоқу жұмысына 400 тоқымашы қатысқан. Кілемде 1 миллиардтан астам жіп түйіншектері бар екен.

 Кілем Маскаттағы Мохаммад Амин мешіті үшін тоқылған.