Тегеранда болған ұшақ апатында қазақстандықтардың бар-жоғы анықталуда - ҚР СІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранда апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтардың болған-болмағаны анықталуда. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР СІМ ресми өкілі Нұржан Айтмаханов мәлімдеді.

«Иран астанасы Тегеран маңында апатқа ұшыраған ұшақта Қазақстан азаматтарының болған-болмағанын анықтау мақсатында Иранға сұрау салдық. Қазіргі сәтте ресми ақпаратты күтіп отырмыз», - деді Н. Айтмаханов.

Айта кетейік, кеше Иран астанасы Тегеран әуежайынан Iran-141 ұшағы көтерілер кезде апатқа ұшырағаны туралы айтылған болатын. Соңғы мәліметтер бойынша, апатта 40-тан аса адам қаза болып, 9 адам аман қалған.