Алғашқы кезеңде Геннадий Паршин жаттықтыратын қазақстандықтар Тайланд, Пәкістан және Жапония құрамаларымен бірге «С» тобында өнер көрсетеді. Онда өз тобында 1-2 орын алғандар одан кейін 1-8 орынға, ал өзгелері 9-16 орынға таласатын болады. Бас бапкер бұл дүбірлі додада ел намысын қорғауда - Әсет Базарқұлов (1987), Нариман Сүлейменов (1982), Марат Иманғалиев (1980), Нөдірхан Қадырханов (1991), Виталий Эрдштейн (1992), Нариман Әубәкіров (1989), Юрий Стулов (1980), Антон Юдин (1982), Александр Стольников (1988), Сергей Кузнецов (1993), Дмитрий Горбатков (1981) пен Виталий Мироненкоға (1985) сеніп тапсырмақ. Олар алғашқы кезеңде бірінші ойынын сәрсенбіде Пәкістанмен, ал жұма күні соңғы ойынын Жапония волейболшыларымен өткізеді.
17:01, 15 Қыркүйек 2011
Тегеранда волейболдан ерлер командалары арасында Азия чемпионаты болады
АЛМАТЫ. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Түркияда соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан қазақстандық волейболшы жігіттер XVI Азия чемпионатына қатысу үшін Иранның Тегеран қаласына аттанады. ҚР Волейбол федерациясы таратқан хабарламаға қарағанда, онда қыркүйектің 21-29 күндері құрлықтың үздік 16 командасы Әлемдік кубоктың жолдамасын сарапқа салады.