Тегеранда жүздеген мың адам Әли Хаменеймен қоштасуға жиналды

АСТАНА. KAZINFORM — Иран астанасы Тегеранда елдің бұрынғы Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменейді ақтық сапарға шығарып салуға арналған жаназа намазы өтті. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады.

Фото: Анадолы

Жаназа рәсімі Тегерандағы «Имам Хомейни Мусалла» мешітінде өтті. Намазды мешіттің арнайы бөлінген бөлігінде аятолла Жафар Субхани жүргізді.

Таңертеңнен бастап ұлттық туларын ұстаған жүздеген мың ирандық рәсім өтетін орынға жиналып, жаназа намазына қатысты.

Қаралы рәсімге Иран президенті Масуд Пезешкиан, елдің әскери және саяси басшылығының өкілдері, сондай-ақ дін қайраткерлері қатысты.

Ертең Тегеранда ресми қоштасу рәсімі өтеді. Одан кейін Әли Хаменейдің денесі Құм қаласына жеткізіледі.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Иранның Жоғарғы көшбасшысы аятолла Сейед Әли Хаменейді ақтық сапарға шығарып салуға арналған қаралы іс-шараларға қатысқан болатын.

Еске сала кетейік, ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Иранның Жоғарғы көшбасшысы аятолла Сейед Әли Хаменеймен қоштасуға арналған аза тұту рәсіміне қатысты.