Тегін бензин мен соляркаға талондар беру басталды

АСТАНА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат - Түрікменияда жеңіл автомобильдер мен мотоциклдердің иелері банк бөлімшелеріне кезекке тұрды, деп хабарлады Ресейлік жаңалықтар қызметі.

Елде тегін отынға талондар жылына екі рет беріледі. Жеңіл машиналардың иелеріне айына 120 литр, мотоциклдерге - 40 литр тиісті.

Еске сала кетейік, түрікмендер отынды ғана емес, газды, электрді, су мен тұзды тегін пайдаланады.