Тегін дәріні сату бойынша 27 қылмыстық іс қозғалған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде тегін берілетін рецептуралық дәрілерді жекеменшік дәріханаларға сату ісі бойынша 27 қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралыҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметіндеөткен брифингте мәлім етті.

Министрдіңсөзіне қарағанда, елімізде жыл сайын 3 млн тегін дәрі рецепті жазылатынкөрінеді. Алайда осы дәріні жекеменшік дәріханаларға сатып, оңай олжа табатындар пайда болған.

«Тегінберілетін дәрі-дәрмектің елге жетпей жатқаны туралы шағым көбейгеннен кейінSMS-ескерту жүйесін іске қосқанбыз. Науқасқа тегін дәрі рецепті берілгенітуралы ақпарат базаға түскен сәтте емделушіге SMS-хабарлама жіберіледі. СондайSMS алған 4000 адам, өздеріне ешқандай дәрі берілмегенін айтып шағымданған. Бұлжерде көптеген фактор бар. Тіпті науқастың телефон нөмірі өзгеріп кеткенжағдайлар да болды. Мемлекет тарапынан сатып алынған дәрі-дәрмекті жеке дәріханаларғасату жағдайлары да тіркелді. Бұл факторлар бойынша құқық қорғау органдарыменбірлесіп жұмыс жүргізіліп жатыр. Аталмыш заңсыздыққа байланысты 27 қылмыстық іс қозғалды», - деді Елжан Біртанов.

Олсондай-ақ, дәрі сатып алуға қатысты тендерді ашық жүргізудің арқасындамиллиардтаған қаржы үнемделіп жатқанын айтты.

«Дәр-дәрмекнарығын мейлінше ашық қылу үшін үшінші жыл қатарынан жұмыс істеп жатырмыз. Былтыр ашық тендер өткізудің арқасында26 млрд теңге үнемделді. Бұл ақша қосымша дәрі алуға жұмсалды», - деді министр.

Ведомствобасшысының айтуынша, өткен жылы барлық өңірлерден 129 млрд теңгеге тегін дәріөтінімі берілген. Бірақ кейіннен әкімдіктер оның 14 млрд теңгесінен бас тартқан.