Өткен жылы кішкентай туристер мен олардың ата-аналары арасында сұранысқа ие үш бағыт: Ақтау, Алматы және Түркістан қалалары болды.
Бұл ретте барлық іске асырылған турлардың 50% астамы Маңғыстау облысына тиесілі екенін айта кеткен жөн.
Жалпы аталған бағдарлама бойынша былтыр 76 млн теңгеге ұшақ билеттері субсидияланды.
«Ақтау - Қазақстанның ең танымал туристік бағыттарының бірі және танымал отбасылық демалыс орны. Өткен жылы Kids go Free бағдарламасын 700-ге жуық отбасы пайдаланды, бұл 1500 балаға Қазақстанның басқа өңірлерін тегін көруге мүмкіндік берді. Биыл кем дегенде 2000 бала мен 1000 отбасын қамту міндеті тұр. Ол үшін туроператорларға қойылатын талаптар жеңілдетілді», – дейді Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева.