«Астанада бүгінгі таңда қоғамдық көлікте жүруде жеңілдікке ие 90 мың тұрғын бар. 2018 жылы жеңілдікке ие болған азаматтардың барлығының электрондық картасы болуы керектігі туралы бұған дейін хабарланған болатын. Бүгінгі таңда «Астана LRT» ЖШС 70 мың жеңілдік картасын таратты», - деп жазды Эльвира Жүргенбаева Фейсбуктегі парақшасында.
Оның айтуынша, қаңтардың алғашқы күндері Қ.Мұңайтпасов көшесіндегі Төлем жүйесі бойынша департаменттің Орталық кассасында ұзын-сонар кезек туындаған.
«Осыған байланысты қала тұрғындарын сабырға шақырамыз. 15 қаңтарға дейін жеңілдікке ие азаматтарға өзімен бірге электрондық көліктік карта алып жүру міндетті емес. Жеңілдікке ие азаматтың мәртебесін (құқығын) растайтын (жеке куәлігі немесе т.б) құжат қоғамдық көлікті тегін жүруге мүмкіндік береді», - деп жазады ол.
Баспасөз хатшысы сонымен бірге, алдағы уақытта жеңілдікке ие азаматтарға өзімен бірге электрондық көліктік картасын алып, оны міндетті мүрде валидациядан өткізу аса маңызды екенін ескертеді.
«Бұл карталар кондукторларға жеке куәлікті немесе зейнетақы кітапшасын көрсету машақатынан арылтады», - делінген хабарламада.