Тегін дәрі туралы ақпаратты тез алуға көмектесетін чат-бот қалай жұмыс істейді

АСТАНА. KAZINFORM – «СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибьюторы тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы ақпаратты жедел алуға көмектесетін чат-ботты іске қосты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Фото: ДСМ

Дәрілік препаратты алу мәртебесін, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тәртібін білгіңіз келе ме немесе жиі қойылатын сұрақтарға жауап алғыңыз келе ме? Енді қажетті ақпаратты бірнеше минуттың ішінде алуға болады.

Жаңа сервисті қалай пайдалану керек және оның қандай мүмкіндіктері бар екенін бейнероликтен көріңіз.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі Бірыңғай дистрибьютормен бірлесіп 2027 жылға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу науқанын бастады.

Қазақстанда 3,4 млн адам тегін дәрі-дәрмек алады.