«Тегран - Алматы - Тегран» бағытындағы алғашқы әуе рейсінің ашылу салтанаты болды - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі

None
АСТАНА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат - Маусымның 16-сы күні Алматыда Иран Ислам Республикасы «Махан Эйр» әуекомпаниясының «Тегран - Алматы - Тегран» бағытындағы алғашы рейсінің ашылу салтанаты болды,

деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

«Махан Эйр» әуекомпаниясы жоғарыда айтылған рейс бойынша «Эйрбас-310» әуе кемесімен аптасына 3 рет - сәрсенбі, сенбі және жексенбі күндері ұшуды жоспарлап отыр.

Тегран әужайынан сағат 13.00-де ұшып шыққан алғашқы №5027 рейсі Алматы әуежайына 18.00-де келіп қонды. Ұшу уақыты 3 сағат 15 минутқа созылды.