деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.
«Махан Эйр» әуекомпаниясы жоғарыда айтылған рейс бойынша «Эйрбас-310» әуе кемесімен аптасына 3 рет - сәрсенбі, сенбі және жексенбі күндері ұшуды жоспарлап отыр.
Тегран әужайынан сағат 13.00-де ұшып шыққан алғашқы №5027 рейсі Алматы әуежайына 18.00-де келіп қонды. Ұшу уақыты 3 сағат 15 минутқа созылды.