Техас ауруханасын дүрліктірген адам полицияға өз еркімен берілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Томбол қаласындағы (Техас штаты) ауруханада адамдарды кепілге алып, жұртты дүрліктірген ер адам билік өкілдеріне өз еркімен берілді, деп хабарлады РИА Новости.

«Күдікті қарсылықсыз берілді. Медициналық орталыққа қойылған қоршау алынды», - деп мәлімдеді полиция өкілі.

Оқиға жергілікті уақытпен кешкі сағат сегіз шамасында болған. Құқық қорғау органдарына белгісіз ер адам Томбол қаласындағы ауруханада екі адамды кепілде ұстап отыр деген ақпарат түскен.