Техас штатында үлкендігі бейсбол добындай бұршақ жауды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Техас штатының солтүстігінде жауған үлкендігі бейсбол добындай бұршақ үйлер мен машиналарды зақымдады, ғимараттардың терезелері қирады.

Жергілікті мектептердегі сабақ тоқтатылды.  Табиғи апаттан келген шығын көлемі 2 млрд  доллардан асты.

Диаметрі 10 см үлкен  бұршақ көптеген ғимараттардың терезесін шағып кетті, деп хабарлайды Mashable басылымы.

Әсіресе, Техас штатындағы Уайли қаласы көбірек зардап шекті. Мұндағы мектептерде сабақ тоқтатылды.