Техаста ер адам мемлекеттік мекемелер ғимаратына оқ жаудырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Техас штатының орталығы Остин қаласында белгісіз біреу мемлекеттік мекемелер ғимараттарына оқ атып, кейін өзін атып тастаған.

Полийцейлердің хабарлауынша, ол 49 жастағы бұрын сотталған адам болып шықты. Тергеушілер оның не үшін Мексика консулдығы мен жергілікті сот пен полиция ғимарттарына оқ жаудырғанын анықтап жатыр.

Ол өзін атты ма, әлде оны полиция ғимаратынан атып салды ма, ол жағы әлі анықталмаған, деп жазады ВВС.