Оқиға жергілікті уақыт бойынша шамамен 22:30-да (Астана уақыты бойынша 11:30-да) орын алған. Аты-жөні белгісіз жігіт өзінің Далластағы бұрынғы дос қызының үйіне баса-көктеп кіріп, оны үйінен таба алмай, ызадан іштегі адамдарға ата бастаған. Салдарынан 4 адам жарақат алып, олардың екеуі сол жерде қайтыс болды, ал қалғандары ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Бұдан кейін қылмыскер машинасына отырып, өз сүйіктісін көршілес Десото қаласына іздеуге барған. Ол жақта ол тұрғын үйлердің біріне жарылғыш құрылғы лақтырып, артынан ішке кіріп, тағы төрт адамды атып тастаған. Олардың ішінде екі адам ғана аман қалды. NBC хабарлауынша, екі оқиға аралығындағы уақыт 15 минуттан аспайды.
Десотода мерт болғандардың ішінде оның бұрынғы қызы да бар. Полицияда хабарлағандай, қандықол оғы таусылғаннан кейін ғана ұсталды.