Техаста қонақүйде болған жарылыстан 21 адам зардап шекті
09:25, 09 Қаңтар 2024
АҚШ-тың Техас штатындағы Форт-Уэрт қаласында Sandman Signature қонақүйінде жарылыс болып, 21 адам зардап шекті. Kazinform бұл туралы Fox News арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жарылыстан зардап шеккендердің біреуінің жағдайы ауыр, төртеуі ауыр жарақат алғанымен, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Қалғандар адамдар жеңіл жарақат алған. Қаза тапқандар жоқ.