Техаста жолаушылар автобусы апатқа ұшырады: сегіз адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Техас штатында, Мексика шекарасына жақын жерде жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 8 адам қаза тапты және 40-тан астамы жарақаттанды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші трассада көлікті басқара алмай, Рио-Грандтан Игл-Пасс қаласына бағыт алған автобус аударылды.

Жеті адам оқиға орнында ажал құшты, тағы біреуі алынған жарақаттар салдарынан ауруханада көз жұмды. Жалпы ауруханаға 44 адам жеткізілді. Автобус жүргізушісі аман қалды.

АҚШ-тың көліктегі қауіпсіздік бойынша Ұлттық кеңесі болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына өз мамандарын жөнелткенін мәлімдеді.

Техас губернаторы Грег Эббот қаза тапқандардың жанұяларына көңіл айтты.

Апатқа ұшыраған автобус OGA Charters чартерлік компаниясына тиесілі болған.