Химиялық заттың шығып кетуі Хьюстоннан 40 шақырым жерде орналасқан Ла-Порт қаласының маңындағы құбыр желісінде болған.
Жергілікті тұрғындарға тысқа шықпауға және салқындатқыштарды қоспау керектігі ескертілді. Билік химиялық заттың таралуына күтпеген апаттың қатысы бар-жоғын әзірге ашып айтпай отыр. Өрт сөндірушілер оның салдарын жоюмен айналысып жатыр.
АР агенттігі дауыл салдарынан Техастағы тағы екі мұнай қоймасында химиялық заттың төгілгенін хабарлады. Bloomberg мәліметінше, «Харви» дауылы салдарынан келген шығын 30 млрд долларға жетуі мүмкін.