Техастағы әуежай маңында ұшақ апатқа ұшырады

Фото: Belta

АСТАНА. KAZINFORM — Техас штатындағы Форт-Уэрт қаласының әуежайы маңында ұшақ құлады, деп хабарлайды Belta.

— Форт-Уэрт өрт сөндіру бөлімі Таррант округіндегі Business 287 жол бойындағы Хикс әуежайының маңында ұшақ апатын растады, — делінген ақпаратта.

Апат салдарынан бірнеше жартылай тіркеме өртенген, алайда зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұшақ Mobile EHR денсаулық сақтау бағдарламалық қамтамасыз ету компаниясына тиесілі болған. Оған 9 адамға дейін сыяды.

Бұған дейін Қостанай әуежайында әуеге көтерілген ұшақтың шасси дөңгелегі өртенгені туралы жаздық.